RSS лента

Бүлдіршіннің бетін тырнаған кім?

  • 09.05.2022, 21:03,
  • 799
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырауда бұралқы ит бес жасар қызды талап, бетін тістеп алды. Зардап шеккен қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды "Turan Times" тілшісі "Экспресс К" сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 7 мамыр кешкі уақытта болған. Көшеде жүрген бүлдіршінге бұралқы ит тап беріп, бетіп тістеп алған. Қыздың анасы оны ауруханаға жеткізіп үлгерген.


Бұл ит біздің ауданда тұрады. Бірнеше рет адамдарға шабуылдаған болатын. Осыған дейін маған да, менің ұлым мен қызыма да шапты. Менің шалбарымды тістеп, аман-қалған болатынмын. Енді қызымды талап тастады. Құзырлы органдар ештеңе істей алмай отыр,
— дейді қыздың анасы Әсем Байжанова.


Ал қызды талаған итке полиция да, қалалық әкімдік те ештеңе істей алмай отыр. Себебі иттің құлағында оның стерилизациядан өткенін растайтын сары сырғасы бар. Алайда иесі жоқ.


Қазіргі таңда елімізде бұралқы иттерді атуға тиым салынған. Сәуір айының соңында Атырауда иттерді атуға рұқсат беруді сұрап бірнеше ата-ана жиналды. Бейбіт шеруге шыққандардың барлығының балалары иттен зардап шеккендер.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости