«Ертеңгіліктер мен өзге де бұқаралық іс-шаралар мектептерде өткізілмейді. Осы орайда Бас санитар дәрігерінің шешімі болғандықтан, біз оны орындауға міндеттіміз. Сондықтан ертеңгіліктер мен басқа да мерекелік жиындар мектепте ұйымдастырылмайды. Қазіргі кезде бұл жайында айту ертерек. Біз Ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығару үшін мәліметтер жеткіліксіз болып тұр» деді министр.