Вакцина алған оқушылар өздерін нашар сезінгені рас па?
- 23.11.2021, 01:54,
- 754
- 0
- Автор:
Turan Times
WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады. Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған. Ресми stopfake.kz бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
СҚО Денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы егілген балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
– 2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасымен егілді. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ, – деді ведомстводағылар.