Бұл туралы Turantimes.kz тілшісіне Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев айтты.
– «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын басталды. 35 медициналық мекеменің ұжымдары жеті күн ішінде бір-біріне бейне-эстафета беріп, туған еліне, қазақстандықтарға және ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірді. Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күні аясында өтіп, бүгін, яғни, 1 наурызда аяқталады.
Осы тамаша күні пандемия кезінде жанқиярлықпен өз борыштарын атқарып, жақындарымыз бен туыстарымыздың өмірін құтқарып қалған әріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді, – деді ол.