RSS лента

Атырауда базар саудагерлері наразылыққа шықты (+ВИДЕО)

  • 18.08.2020, 00:49,
  • 2 715
  • 0
  • Автор:

Атыраудағы ең ірі орталық "Дина" базарында саудагерлер базардың толық ашылуын талап етті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.



Атырауда 17 тамызда карантин талаптары жеңілдетіліп, бірқатар нысандар қызметін бастады. Атыру облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев шаһардағы бірқатар сауда орталықтарында болып, санитарлық талаптарын тексеріп көрді. Нәтижесінде, «Дина» сауда орталығының кейбір санитарлық талаптары нашар екенін анықталды. Атап айтқанда, желдеткіш орнатылмаған, арақашықтық сақтауға арналған белгілер жоқ, кейбір бөлігінде дезинфекциялық тоннельдер мен құралдар қойылмаған болып шықты.

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары «Дина» сауда орталығының басшылығына:

«Біз үшін ең басты талап — азаматтарымыздың амандығы. Халық көп шоғырланатын қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тіпті маңызды. Сіздерге бір айдан астам уақыт берілгенмен санитарлық талаптарға дайындыққа салғырт қарағансыздар» деп сын айтты. 


Сол жерге жиналған «Дина» сауда орталығы қызметкерлері мен жалға алушы саудагерлердің шағымдарын  тыңдап, орталықтың ертеңнен жұмысын бастайтынын жеткізді. Бірақ, санитарлық талаптардың олқы тұсын шұғыл жөндеп, онда жұмыс жасайтындардың да сақтықты күшейтетінін ескертті. 


«Дина базарының 12 павилионының бесеуінде ғана дезинфекциялық тоннель қондырылған. Желдеткіш те жасалмаған. Кейбірінің желдеткіші жасалғандығы жөнінде акті болмай отыр. Ескертілген қатаң талаптарға байланысты базар басшылығы кепілдік хат беріп, олқылықтардың орнын шұғыл толтырамыз деп отыр» деген Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қанат Ғайнеденов базар әкімшілігі кепілдік хат беру арқылы жұмысын 18 тамызда бастайтынын айтты.


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары бастаған арнайы комиссия одан кейін «Адал» сауда орталығы мен «Байзар» ойын-сауық кешенінің де санитарлық талаптарын қарап шықты.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости