RSS лента

Тоқаев Көбейтұздағы «шектен шыққан мәдениетсіздікке» қатысты пікірін айтты

  • 23.07.2020, 12:20,
  • 972
  • 0
  • Автор:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақсандықтардың Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне келтірген залалына ренішін білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz.

«Азаматтардың табиғи демалыс орындарындағы жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр. Отандастарымыздың ерекше қызғылт түсті "Көбейтұз" көліне келтірілген орасан зор зиянға қатысты алаңдаушылығы орынды» деп жазды мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.


Оның сөзінше, бұл жағымсыз әрекеттер өскелең ұрпаққа жүргізілетін экологиялық ағарту жұмыстарының түйткілдерін ашып берді.


«Білім, Экология, Ақпарат министрліктері бұл мәселені жұмыстарының басым бағыты ретінде қарастыруы керек» деп толықтырды Тоқаев.


Еске сала кетейік, желі қолданушысы Татьяна Шишкина аталған көлдегі «адамдардың ашкөздігі» жөнінде айтқан еді. Оның сөзінше, көлге келушілердің көбісі оның түбінен тұз қазып алады, міне, ерекше түске ие болатыны да сондықтан. Плакатта тұз бен балшықты жинауға болмайтыны жөнінде жазылса да (бұл тек 15 жылдан кейін ғана қалпына келетін микрофлораны бұзады), келушілер тұзды шелектеп тасиды.
Желіде, тіпті, көл тұзы саудаланып жатқан жарнамалар да байқалды.


Осыған орай, Экология министрлігі тексеріс жұмыстарын бастап кетті.


Бүгінде Ақмола облысы Ерейментау ауданы аумағында орналасқан барлық көлдер, аты шулы Көбейтұзды қоса алғанда, жабылды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости