"Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Сіздерге тағы да жол қауіпсіздігін сақтау өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығы үшін маңызды екенін айтқым келеді. Жол апаттары туралы ақпараттарды сіздерге назар аударып, сақтық шараларына мұқият болуларыңыз үшін және жауапкершілік танытуларыңыз үшін хабарлаймыз! Соңғы бір аптада Атырау облысы аумағына қарасты облыстық, республикалық тасжолдарда, сондай-ақ, ауыліші тасжолында жол апатынан 6 адам қайтыс болды. Ең өкініштісі, жол апатынан қаза тапқандар арасында алты айлық нәресте мен анасы да бар. 20 мамыр күні Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолының 796 шақырымы, яғни Құрманғазы ауданының аумағында Toyota Ipsum және Өзбекстан елінде тіркелген Chevrolet Сobalt автокөлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің 39 жастағы жолаушысы әйел алты айлық нәрестесімен бірге оқиға орнында қаза тапты.
Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Жол апаттарының жиілеуі, жол-көлік оқиғаларының орын алуы баршамызды алаңдатуы қажет. Жол қозғалысының әр сәті жауапкершілікке және саналы түрде қабылданатын қадамдардан тұруы тиіс. Сондықтан да, жоғарыда айтылған жол апаттары туралы ақпараттардан өздеріңізге сақтықтың маңызды екенін түсінесіздер деп ойлаймыз! Жол ережесі қауіпсіздікке негізделген, демек сіздің және өзге де адамдардың денсаулығы мен өмірі жол ережесін барлығы сақтағанда ғана қауіпсіз болмақ. Барар жеріңізге аман-сау жетіңіз, жолда абай болыңыздар!" дейді департамент мамандары.