RSS лента

Ұршық фестивалі өтті

  • 11.03.2024, 11:30,
  • 321
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қазақстанда «URSHYK ПАТИ» фестивалі барысында ауылдық жерден жиналған ақжаулықты әжелер жастарға ұршық иіруді көрсеуде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мерекелік іс-шара кезінде жастар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен және ғұрыптарымен таныс болды. «Atрress» мәлім еткендей, іс-шараны Атырау қаласындағы «URSHYK» деп аталатын бірлестік атыраулық суретші Кәмила Жапалованың «ART GALLERY BATIKKAMI» галереясының қолдауымен өткізді.

 

«Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Өкінішке қарай, олардың көпшілігі қазір ұмытыла бастаған. Біздің мақсатымыз – қазақ дәстүрлерін сақтау және оларды өскелең ұрпаққа насихаттау. Фестивальге барлық жеті ауданның ауылдарынан үлкен кісілер жиналды. Биыл Қазақстанда алғаш рет «URSHYK» республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істей бастады. Араға бір ай салып біз Атырауда филиалымызды ашып, осындай ауқымды фестиваль өткізіп отырмыз» деді «URSHYK» ҚБ Атырау филиалының басшысы Салтанат Елеусінова.

 

Іс-шара барысында әжелер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсете отырып, оларды жасаудың әдіс-тәсілімен бөлісті.  Жіп иіріп отырып, қонақтарға ұмытылған салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы айтты. 

 

Іс-шара «Өмір гүлі» қауымдастығы ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасын тапты.

 

Болашақта ұйымдастырушылар  жүннен киіз бен алаша жасау бойынша шеберлік сабақтарын өткізуді жоспарлап отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости