RSS лента

Қазақстанда тұратын шетелдік асық ойнап, ләңгі тебеді

  • 19.03.2023, 01:04,
  • 862
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Шетелдік Хеймиш Полс қазақ халқына қатысты ерекшеліктерді жақсы біледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Хеймиш Полс қазақтың руларын, этникалық құрамы мен халықтың басқа да ерекшеліктері туралы жақсы біледі. Кіші жүздің барлық руларын, оның ішінде 4 тайпа мен 31 ру барын да айтып отыр.

 

«Теңізшевройл» ЖШС үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Хеймиш Полс Атырауда 2017 жылдан берітұрады. Осы уақыт ішінде қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті жайлы көп мағлұмат алған. Бос уақытында қазақ халқының руларын зерттейді екен. Оның айтуынша, бұл ақпарат арқылы өзіне жаңалықтар ашады.

 

«Мен бір халықтың руларға қалай бөлінетінін білгім келді. Қазақстанда 200-ден астам ру бар. Қазір мен Кіші жүздің руларын ғана жатқа білемін. Наурыз – отбасы мен дос-жарандардың жиналып, өткен жылды еске алып тойлайтын тамаша мерекесі. Жыл сайын әріптестерімммен бірге мен де көктемнің келгенін атап өтуді ұнатамын. Ал, қазақ мәдениетіне тоқталсақ, мені олардың рулары қатты қызықтырады. Уақыт табыла қалса, бәрін үйренуге асығамын» дейді ол.

 

Қазақ халқының өз ұлттық киімдерін киіп жүргені оны ерекше қуантады. Ол қазақ киімдерінің әсемдігін ерекше атап өтті. Ою-өрнектер көктемнің келуін бейнелейтіндей.

 

«Бауырсақтар мен наурыз көженің дәмін татып көрдім. Қатты ұнады. Өзімнің ұлттық киімім бар. Оны арнайы мерекелерге киіп жүремін. Ою-өрнектері мен түстері көңіл-күйімді көтереді. Басқалардан мүлдем ерекше. Мұнда адамдар өте мейірімді, қонақжай. Бұл жердің табиғаты да бөлек» дейді Хеймиш Полс.

 

Бұдан бөлек, шетелдіктерге қазақтың ұлттық ойындары мен музыкалық аспаптары да ұнайды. Мысалы, кейіпкеріміз жақында асық пен ләңгі ойнауды үйреніпті. Оның пайымдауынша, асық дәлдікті, ұстамдылықты, тапқырлықты дамытып, дұрыс есептеуді үйретеді. Ал, ләңгі ептілікті жетілдіреді.

 

«Ұлттық ойындарды маған кенже ұлым үйретті. Ол Атырауда оқып жүріп үйреніп алған. Сондай-ақ, 15 жасар ұлым домбырада ойнай алады. Қазір алты күйді еркін орындайды. Біздің сүйікті күйлеріміз – «Адай» мен «Балбырауын». Менің түсінгенімдей, бұл – Атыраудағы ең танымал шығармалар» дейді Х.Полс.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости