RSS лента

Қазақстанда Бірыңғай құрылыс порталы іске қосылды

  • 04.02.2026, 09:26,
  • 67
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Қазақстандағы Бірыңғай құрылыс порталында құрылыстағы салалық жүйелердің сервистері, сондай-ақ құрылысқа қатысты ақпараттық ресурстар мен қызметтер біріктірілген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Портал туралы толығырақ ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады. Бүгінде қазақстандықтарға республика бойынша 89 қалада құрылысқа арналған бастапқы-рұқсат құжаттарының пакетін беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер қолжетімді. Олардың қатарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар, сондай-ақ эскиздік жобаны келісу кіреді.

 

Сонымен қатар құрылыс жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру процестері де цифрлық форматқа көшірілді.

 

Салалық жүйелерді интеграциялау кезінде қолданылатын объектінің бірегей нөмірі арқылы қатысушылар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылдың ашықтығы мен үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

 

«Egov.kz бірыңғай авторизациясын енгізу арқылы «бір терезе» қағидаты қамтамасыз етілді, бұл пайдаланушыларға қайта авторизациядан өтпей-ақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті спикер.

 

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексіне қол қойды. Комитет төрағасының сөзінше, Құрылыс кодексі аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости