RSS лента

Besqaru және Tausogar зауыттары Президентті сүйсінтті

  • 24.12.2025, 14:03,
  • 18
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.


Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.


Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.


Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.


Сол сияқты, Президент шынжыр табанды және дөңгелекті бронды машиналар шығаратын, сондай-ақ оларға техникалық қызмет көрсететін Besqaru зауытына барды.


Қасым-Жомарт Тоқаев цехтардағы құрастыру жұмыстарын аралап көріп, қорғаныс өнеркәсібі кешеніне қарасты кәсіпорынның технологиялық процестерімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты.


Компания жылына 200 бронды техника құрастырады. Олардың қатарында суды кешіп өте алатын, дөңгелекті Taimas8x8, Aibar 4x4 бронды машиналары, сондай-ақ Tulpar шынжыр табанды техникасы бар.Besqaru компаниясы өз өнімін Қорғаныс министрлігі мен басқа да күштік құрылымдарға арнап шығарады. Өндіріс алаңы биыл ақпан айында іске қосылды. Жалпы құны 13,5 миллиард теңге болатын жоба аясында 134 жұмыс орны ашылды.


Мемлекет басшысы зауыт қызметкерлерімен әңгімелесіп, олардың еңбегі өнімді болуына тілектестік білдірді.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости