Жаңа орталық – бюджеттік инвестициялық жоба, оны жүзеге асыру үшін Швейцарияның және АҚШ-тың халықаралық жетекші компаниялары тартылған.
Бүгінде құрылыс жұмыстары 90%-ға орындалған, атап айтқанда, сәулелік және ядролық медицина орталықтары, протондық терапия орталығы, әкімшілік және техникалық блоктары бар 210 төсек-орындық емдеу-диагностикалық корпус салынған.
Жылына 6 мың науқасқа қызмет көрсететін жаңа емдеу мекемесінде радионуклидті диагностика, радиофармацевтикалық препараттар шығару және радионуклидтік терапия жүргізу жоспарланған.
Мекемеде посткеңестік кеңістіктегі алғашқы протон орталығы жұмыс істей бастайды. Орталықта жылына 800-1000 науқас ем алады.
Протонды терапия орталығын 2024 жылдың 1 тамызына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.