RSS лента

Смайылов Kіа зауытымен және Allur зауытында Chevrolet Оnix жоспарымен танысты

  • 26.01.2024, 14:13,
  • 310
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов машина жасау саласының бірқатар өндіріс орындарын аралады, деп хабарлайды Turantimes.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет басшысы жылына 70 мыңға дейін көлік шығаратын Kіа автомобиль зауытының құрылысымен танысты. Зауытта 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Іске қосу 2025 жылға жоспарланған. Әлихан Смайылов Үкіметтің экономиканы әртараптандыруға және өңдеу өнеркәсібінде локализациялауды тереңдетуге үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті.


«Біз кореялық әріптестерімізді және Қазақстанда осындай ірі инвестициялық жобаның іске асырылуын құптаймыз. Менің білуімше, бұл Еуразия құрлығындағы жалғыз зауыт. Біреуі АҚШ-та, екіншісі осында. Аталған зауыттың қуаттылығын ескерсек, бұл біздің республика үшін өте маңызды жоба», — деді Премьер-Министр.


Әрі қарай Премьер-Министр Allur зауытында Chevrolet Оnix автокөлігінің өндірістік жоспарымен танысты. Зауыт толығымен ішкі нарыққа бағдарланған және қолжетімді бағамен автокөліктер шығаратын болады. Сериялық өндіріс көлемі 30 мың бірлік болғанда конвейер жылына 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады. Смайылов атап өткендей, бүгінде өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі қазірдің өзінде өндіруші саламен теңесті.


«Жаңа өндіріс орындарын іске қосу автомобиль өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Ол қазірдің өзінде экономикамыздың стратегиялық маңызды саласына айналып отыр. Біз оның қарқынды дамуына және ел экономикасының орнықты болуына одан әрі ықпал ететін боламыз», — деп атап өтті Премьер-Министр.


Үкімет басшысы өңірде ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын, компоненттер мен қосалқы бөлшектер шығаратын «АгромашХолдинг KZ» локализация орталығында болды. Бүгінде кәсіпорын жылына 1 мың комбайн, 3 мың трактор, 300-ге жуық тұқым сепкіш және 200 жинаушы платформа шығара алады. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласы жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр.


«Біз осы қарқынды сақтап, өндірісті арттыруымыз қажет. Осы тұрғыдан алғанда, жергілікті қамтуды арттыру, жұмыс орындарын ашу және аймақтағы шағын және орта кәсіпорындарды жұмыспен қамту мақсатында мұндай локализациялау орталығы жұмысының маңызы зор. Біз әкімдікпен бірлесе отырып, мұндай кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсететін боламыз», — деді Премьер-Министр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости