Инвестициялардың жалпы көлемі 19,8 млрд теңгені құрады. Жоба Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, қайта өңделген өнім үлесін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды. Зауытта әлемдік жетекші компаниялардың заманауи жабдықтары орнатылған, барлық технологиялық үдерістер халықаралық стандарттарға сай жүргізіледі.
«Алель Агро» АҚ филиалы толық өндірістік циклді жүзеге асырады: балапандарды инкубациялаудан бастап, құсты өсіру, ет өндіру және дайын өнімді нарыққа шығару кезеңдерінің барлығын қамтиды.
Кәсіпорынның қуаты – жылына 10 мың құс еті. Қазіргі таңда өндіріс көлемін ұлғайту және тиімділікті арттыру мақсатында заманауи технологияларды, өндірістік инфрақұрылымды енгізіп келеді.
Биыл жыл соңына дейін қуаты 4,6 мың тонна болатын үшінші бройлер фабрикасын іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ жалпы қуаты 26 мың тонна болатын екі жаңа фабриканың құрылысы басталады. Даму кезеңдері аяқталғаннан кейін 2028 жылға қарай кәсіпорынның жалпы жылдық қуаты 69 мың тонна құс етіне жетеді. Бұл облыстағы құс еті өндірісін екі есеге арттыруға жол ашады.
Өңірде құс шаруашылығы бағытында үш ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Оның екеуі құс етін өндірумен («Әулие-Ата Феникс» ЖШС, «Алель-Агро» АҚ), біреуі жұмыртқа өндірумен («Аса-Даму» ЖШС) айналысады.
2025 жылдың 9 айында облыстан 3,3 мың тонна ет және 421 тонна шұжық өнімдері Қырғызстан, Қатар, Кувейт, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран және Германия елдеріне экспортталды.

