RSS лента

Қазақстанда ең табысты сала анықталды

  • 20.11.2025, 15:13,
  • 69
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Тау-кен өндіру өнеркәсібі ең табысты сала болып қалып отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұны биылдың III тоқсанында экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарда (салалық конъюнктуралық шолу) жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсетті.

 

Еліміздің Ұлттық банкі қша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің сөзінше, сауалнамаға қатысқан салалардың жартысы дайын өнімге сұраныс артқанын атап өтті. Олардың басым бөлігі 2025 жылғы IV тоқсанда да дайын өнімге сұраныс артады деп күтеді.  

 

Сұралған салалардың жартысында дайын өнім, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдеген. 2025 жылғы IV тоқсанда көптеген салада дайын өнім мен шикізат және материалдар бағасының өсу қарқыны бәсеңдейді деп күтілуде.

 

Сауалнамаға қатысқан салалардың жартысында өндіріс көлемі артқан. 2025 жылғы IV тоқсанда біршама салада өндіріс көлемі ұлғаяды деп күтіледі.

 

Тау-кен өндіру өнеркәсібі ең табысты сала болып қалып отыр.

 

Сауалнамаға барлығы 2,7 мыңнан астам тау-кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік пен қоймада сақтау кәсіпорындары қатысты.  

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц