RSS лента

Жалпы ішкі өнім көлемі өсті

  • 27.06.2025, 14:33,
  • 12
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

2025 жылғы қаңтар-наруыздағы есепті деректер жарияланды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Соған сәйкес, жалпы ішкі өнімнің нақты көлем индексі 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 105,6% құрады. Ұлттық статистика бюросы мәлім еткендей, ЖІӨ құрылымында тауарларды өндіру үлесі –34,9%, қызметтерді өндіру үлесі – 58,5%.


Ең жоғары өсім көлік және қойма – 121,2%, Құрылыс – 116,9%, Өңдеу өнеркәсібі – 108,8%, Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 106,2%, салаларында байқалды.


ЖІӨ-ге ең үлкен салымды Өнеркәсіп – 1,92%, Көлік және жинақтау – 1,27 %, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 1% салалары қосты.

ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости