RSS лента

Электронды сауданың үлесі артты

  • 28.05.2025, 14:30,
  • 99
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Елімізде телефон арқылы сауда жасайтындар көбейді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

2024 жылы Ішкі нарықтағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі, маркетплейстерді ескергендегі, электрондық сауданың үлесі 14,1% құрады. Нарық көлемі 3 156,4 млрд теңге болды, оның ішінде электрондық коммерция платформасы (маркетплейс) арқылы бөлшек сауда айналымы 2 679,8 млрд теңгені (84,9%), тауарларды меншікті Интернет-ресурсы арқылы өткізуді жүзеге асыратын бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы 476,5 млрд теңгені (15,1%) құрады.


2024 жылы маркетплейстер арқылы тауарларды бөлшек саудада өткізудің жалпы көлемінің ең үлкен үлесі телефондар мен гаджеттер –27,4%, тұрмыстық техника – 13,3%, киім, аяқ киім, спорттық тауарлар – 10,3%, компьютерлер, ноутбуктер, бағдарламалық жасақтама, компьютерлік тауарларға – 5,7% тиесілі.

2024 жылы маркетплейс арқылы көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес жүк тасымалдау қызметтеріне тиесілі – 29,5%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерге – 29,4% және көлік орындарын брондау қызметтеріне – 25%.


Маркетплейстерде бөлшек тауарлар үшін орташа чек – 17 572 теңгені құрады, көрсетілген қызметтер үшін – 3 274 теңге.


Бөлшек саудада меншік Интернет-ресурс арқылы өткізу бойынша ең көп үлесті косметика парфюмерия (22,4%), тұрмыстық техника (13,4%), дәріхана (11,8%), телефондар мен гаджеттер (10,1%), бұйым (8,7%) және азық-түлік өнімдері (8,3%) құрады. Ал көрсетілген қызметтер көлеміндегі ең үлкен үлес – билеттер және көлік орындарын брондау – 30,5%, жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер – 23,9%, басқа топтамаларға кірмейтін өзге де қызметтерге – 18,6% тиесілі болды.


2024 жылы меншік Интернет-ресурс арқылы бөлшек тауарлар үшін орташа чек 39 179 теңгені, көрсетілген қызметтер үшін – 15 243 теңгені құрады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости