RSS лента

Құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызметтер көлемі 110,4 млрд теңгені құрады

  • 29.01.2024, 11:39,
  • 210
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында құқық және бухгалтерлік есеп саласында көрсетілген қызметтер көлемі 110,4 млрд теңгені құрады - 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% артық, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бюро мәліметі бойынша, олардың ішінде адвокаттық қызмет бойынша көрсетілген қызметтер көлемі 5,7 млрд тг, нотариалды қызмет – 42,1 млн тг, құқық саласындағы өзге де қызмет – 29,7 млрд тг, қаржылық ревизия (аудит) жүргізу бойынша қызмет – 33,5 млрд тг құрады. Сонымен қатар шоттар мен бухгалтерлік есеп жасау саласындағы қызмет 37 млрд тг болды.


Сондай-ақ салық салу саласындағы консультация беру қызметтерінің көлемі 3,2 млрд тг құраса, төлемге қабілетсіздікті және берешекті өндіріп алуға байланысты қызмет 157,6 млн тг көлемінде болды.


Өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі - 64,9 млрд теңге. Алғашқы үштікте Астана (30,7 млрд тг) және Атырау облысы да бар (2,3 млрд тг) .

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости