RSS лента

2023 жылғы сыртқы сауда тауар айналымы 102 млрд долларды құрады

  • 15.11.2023, 09:44,
  • 194
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және республикалық бюджеттің атқарылуы бойынша Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровбаяндады, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Есепті кезеңді Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ті құрады.

Оң динамика нақты секторда– 3,8%, қызмет көрсету саласында – 5,4% өсті.

Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ көлік көрсетті.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 12,6%-ті құрады.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 58%, денсаулық сақтауда – 40%, саудада – 38%, білім беруде – 18%, ауыл шаруашылығында – 8,7%, өнеркәсіпте – 8,3% өсті.

Алдын ала қорытынды бойынша қаңтар-қыркүйекте сыртқы сауда тауар айналымы 2,4%-ке өсіп, 102 млрд долларды құрады.

Экспорт 57 млрд-тан астам долларды құрап, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 18 млрд долларға жетті, тауарлар импорты 44 млрд-тан астам долларды құрады.

Оң сауда балансы 13 млрд долларға тең.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости