ЖІӨ құрылымында тауарларды өндірудің үлесі –35,6%, қызметтерді өндірудің үлесі – 57,3% құрады.
Ең үлкен өсімді Көлік және жинақтау – 22,4%, Құрылыс – 18,4%, Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 8,4%, Көтерме және бөлшек саудада сату; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 8,3%, Өңдеу өнеркәсібі – 5,6% салалары көрсетті.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі болып табылады. ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.