RSS лента

Қазақстанда экономиканың өсімі – 6,3%

  • 14.10.2025, 12:41,
  • 29
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың өсімі 6,3%-ды құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 6,3%-ы құрады. Соның ішінде, нақты сектордағы өсім 8,1%-ды құрады, қызметтер өндірісі 5,3%-ға өсті. Бұл туралы UKIMET телеграм арнасы мәлімдеді. Салалар арасында көлік қызметтері (өсім 21,2%-ға), құрылыс (14,9%-ға) және тау-кен өнеркәсібі (9,3%-ға) ең жоғары өсім көрсетті.


«Сауда 8,8%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,2%-ға, ауыл шаруашылығы 4,4%-ға өсті. ЖІӨ өсімінің 70%-дан астамын өнеркәсіп, сауда және көлік салалары қамтамасыз етті»,  — деді ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Үкімет отырысында.


Вице-министр сондай-ақ негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,5%-ға өсіп, 13,8 трлн теңгені құрағанын айтты.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости