2025 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 12 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Ұлттық статситика бюросынан білгеніміздей, оның ішінде 567 көппәтерлі үй, 11 430 жеке үй және 16 жатақхана.
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7% өсіп, 6 021,3 мың шаршы метрді құрады, оның ішінде: 3 854,7 мың ш.м. – көппәтерлі үйлер 2 126,7 мың ш.м. – жеке үйлер.
Енгізілген тұрғын үй көлемі бойынша көш бастап тұр: Астана – 1 505,4 мың ш.м. Алматы – 1 138,8 мың ш.м. Алматы облысы – 463 мың ш. м
Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда ең көп өсім Түркістан облысында (+25,5%), Шымкентте (+23,4%) және Алматы облысында (+20,4%) байқалды.
Тұрғын үйдің басым бөлігі – 5 663,3 мың ш.м. немесе 94,1% жеке құрылыс мекемелерімен салынған, оның ішінде 2 175,3 мың ш.м. халықтың өз күшімен.
Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі бес айда 15,4% өсіп, 2 001 млрд теңгені құрады. Өсім еліміздің 18 өңірінде тіркелді.