RSS лента

Қазақстанда тұрғын үй қорының ауданы 3,4% өсті

  • 29.02.2024, 12:38,
  • 209
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

2023 жылы Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 2022 жылмен салыстырғанда 3,4% өсіп, 419,1 млн м2 құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оның ішінде:
Қалалық аумақта – 274,5 млн м2
Ауылдық жерлерде – 144,5 млн м2


Тұрғын үй қорының ауданы бойынша Алматы қаласы (54,8 млн м2), Түркістан облысы (34,3 млн м2) және Астана (33,8 млн м2) көш бастап тұр.

Қазақстанда барлығы 2 527 809 тұрғын үй бар. Тұрғын үй түрлері бойынша жеке тұрғын үйлердің жалпы саны 2 219 826 бірлікті құрады, оның 40,6% – қалалық, 59,4% – ауылдық жерлерде. Көппәтерлі үйлердің саны 307 983 бірлікті, ал ондағы пәтерлердің саны – 5 891 573 бірлікті құрады.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости