RSS лента

Құрылыс жұмыстарының көлемі артты

  • 17.04.2025, 17:20,
  • 112
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 16,9% өсіп, 1014,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Республика бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінен 90% жеке құрылыс компаниялары, 8,2%- шетелдік, 1,8% мемлекеттік мекемелер орындаған. 
 
2025 жылғы қаңтар-наурызда орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (жалпы көлемнің 27,2%), автомобиль, теміржолдары және метро (17,9%) және тұрғын үйлердің (13,5%) құрылысы алды.
 
Өңірлік бөліністе республиканың он жеті өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғаюы байқалды. Едәуір өсім Маңғыстау облысы (2,4 есе), Астана қаласында (81,6%), Ақмола (79,2%), Қостанай (66,5%), Түркістан (57,4%), Қызылорда (51,3%), Алматы (46,3%), Жетісу (39,8%), Павлодар (32,7%), Солтүстік Қазақстан облыстарында (28,8%) және Шымкент қаласында (27,2%) байқалды. 
 
Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 7,4% көбейіп, 3 729,1 мың шаршы метрді құрады, оның 2 495,4 мың шаршы метрі - көп пәтерлі және 1 218,4 мың шаршы метрі - жеке үйлер.   
 
2025 жылғы қаңтар-наурызда білім беру және денсаулық сақтау саласында 49324 оқушыға арналған жалпы білім беретін 36 мектеп, 1304 орынға арналған мектепке дейінгі 7 ұйым және бір ауысымда 230 келіп-кетушіге арналған 6 амбулаториялық-емханалық мекеме пайдалануға берілді.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости