RSS лента

Қазақстанда көлік саны көбейді

  • 17.06.2025, 17:33,
  • 127
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Мамыр айында 128,1 мың бірлік автокөлік есепке қойылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы мамырда 128,1 мың бірлік автокөлік құралы (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша) есепке қойылды, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 113 мың бірлік, жүк автомобильдері – 8 мың бірлік, автобустар – 1,4 мың бірлік және мототранспорт – 5,7 мың бірлік.


2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 302,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 86,5% – жеңіл автомобильдер, 9,7% – жүк көліктері, 1,9% – автобустар мен мотокөліктер – 1,9%.


Пайдаланылатын отын түрі бойынша автокөліктердің 82% бензинмен жүреді, 7,1% аралас отын есебінен қозғалады, 7,1% – дизель отынымен, 0,3% – газ баллонымен, тағы 0,3%-ы электр қуатымен (немесе 17 164 бірлік көлік) жүреді.


Былтырғы мамыр айымен салыстырғанда бензинмен жүретін автокөліктер саны 15,3%, дизель отынымен жүретіндер 13,9%, газбен жүретіндер 36,2%, аралас отынмен жүретіндер 9,3% өскен. Бұл ретте электромобильдер саны бір жылда 66,9% артқан.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости