RSS лента

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

  • 14.05.2025, 09:05,
  • 29
  • 0
  • Автор:
Автор фото: АМӨЗ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2025 жылғы қаңтар–сәуір айларындағы ірі мұнай өңдеу зауыттарының жұмыс қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Елдің ірі мұнай өңдеу зауыттарында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 6,092 млн тонна мұнай өңделді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға жоғары. Өңдеу көлемінің артуы ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие негізгі мұнай өнімдерінің өндірісінің ұлғаюына басты фактор болды. Атап айтқанда: автомобиль бензині өндірісі 25,4%-ға артып, 2,082 млн тоннаны құрады; дизель отынының өндірісі 18,9%-ға өсіп, 1,921 млн тоннаға жетті; авиациялық керосин өндірісі 5,3%-ға артып, 0,255 млн тоннаны құрады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости