Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 4,4% артық. Осы көлемнің 41 млн тоннасы ішкі тасымалдауға тиесілі. Экспорт 12% өсіп, 23,2 млн тоннаны құрады. Бұл туралы "Қазақстан теміржолшысы" газеті жазады. Негізгі позициялардың қатарында – көмір, тоқсан ішінде оның 26,7 миллион тоннасы тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,4% жоғары. Қатты отынның ішкі қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылды. Көмір экспорты 16,2%, яғни 7,5 млн тоннаға дейін өсті.
Астық бойынша да айтарлықтай өсім тіркелді: тиеу өткен жылмен салыстырғанда 48,7% артып, 3,6 млн тоннаға жетті. Оның 2,8 млн тоннасы — экспорт, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 52% жоғары.
Сондай-ақ мұнай жүктерін тиеу — 3,4% (5 млн тоннаға дейін), қара металдарды тиеу — 11,4% (1,1 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштарды тиеу — 19,6% (1,2 млн тоннаға дейін) және құрылыс материалдарын тиеу 4,6% (2,8 млн тоннаға дейін) ұлғайды.