Биылғы жылдың 10 айында темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 246 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3%-дан астам жоғары. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 300 млн тоннаға жетеді деп күтілуде.
Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70,7 млн тоннаны құрап, 8,5%-ға өсті.
Транзиттік тасымалдар да белсенді қарқынмен дамуда.
Ең ірі жобалар – Достық-Мойынты (836 км), Бақты-Аягөз (272 км), Дарбаза-Мақтаарал (152 км) жаңа теміржол желілері және Алматы маңын айналып өтетін жол (73 км).
Министрдің айтуынша, 2029 жылға қарай Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалдау көлемін 35 млн тоннаға дейін жеткізу, сондай-ақ жаңа жобаларды ескере отырып, отандық экономиканың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету жоспарланып отыр.