RSS лента

Алматы облысында Алматыны айналып өтетін теміржол желісі салынады

  • 14.11.2023, 15:15,
  • 262
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов «Алтынкөл-Қорғас» шекаралық өткелі арқылы өтетін теміржол желісінің алғашқы буынын төсеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Turantimes.kz

2022 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол жүк тасымалы 23 млн тоннадан артты. 2023 жылдың басынан бері аталған көрсеткіш тағы 22%-ға өсті.


Сонымен қатар жобаны іске асыру Алматы стансасын айналып өтетін Жетіген – Қазыбек бек жаңа теміржолына жүк ағынын қайта бағыттауға мүмкіндік береді.


Жалпы, жаңа желі Алматы торабындағы жүктемені 40%-ға азайтып, жүк жеткізу уақытын едәуір қысқартады.


«Аталған транзиттік дәлізде Алматы теміржол торабы Шу, Ақтоғай, Алтынкөл және Алматы-2 бағыттары бойынша пойыздардың қозғалысын қамтамасыз етеді. Жобаны іске асыру жүктерді жеткізу мерзімін 2 есеге қысқартады», — деді Премьер-Министр.


Жобаны жүзеге асыру барысында қазақстанның үлесі кемінде 85% болады.


Құрылыс кезінде 1400 адам жұмыспен қамтылып, желі іске қосылғанда шамамен 500 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады.


Жалпы құрылыс процесінде 130 км теміржол, 3 станса, 13 көпір, 5 т/ж және 1 автокөлік өткелі салынады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости