RSS лента

Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

  • 14.04.2025, 09:01,
  • 75
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 514-521 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 14 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,13 теңге. Еуро — 583,74.

 

Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 517 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 515 теңге. Еуро 581 — 589 теңге аралығында құбылып тұр.

 

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.

 

Дәл қазір ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,05 — 6,20 аралығында саудаланып жатыр.

 

Айта кетейік, 11 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,36 теңгеге төмендеп, 514,94 теңге болған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости