Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Донбаста арнайы операция өткізу туралы мәлімдемесінен Мосбиржидің таңертеңгі сессиясында доллардың рубльге шаққандағы бағамы 84 болса, еуро 94,6 рубльге дейін өсті.
Бұл жағдай теңгеге де әсер етті. Нұр-Сұлтан қаласының валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451 теңгеден сатылып жатыр.
Қолма-қол валюта қазірдің өзінде Алматыда бір доллар үшін 455 және тіпті 458 теңгеден саудалануда. Банктерде долларларды 452 теңгеден сатып алып, 458 теңгеден сатады.