RSS лента

Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді

  • 27.02.2025, 10:27,
  • 66
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ҚР Көлік министрлігі

Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қорғалжын табиғи қорығына апаратын жол жөнделеді. Көлік министрлігінің мәліметінше, қызғылт қоқиқаздар мекендейтін Қорғалжын табиғи қорығына  апаратын «Астана – Қорғалжын» жолы жөндеуден өтеді. Бұл жолдың орташа жөндеу жұмыстары былтыр басталды. Ақмол ауылынан Оразақ ауылына дейінгі 39 шақырымдық жол жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жөндеу жұмыстарының алғашқы кезеңі биыл аяқталмақ.


Сонымен қатар биыл Оразақ ауылынан Қорғалжын қорығына дейінгі 110 шақырымдық жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады.

Қорғалжын ауылынан қорыққа дейінгі жол учаскесі ерекше назарда. Бұл жол өткен ғасырдың 60-жылдары салынған және қазіргі таңда асфальтобетон жамылғысы жоқ топырақ төсемінен ғана тұрады. Енді жаңа жол салынып, қауіпсіз көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі. Бұл туристік ағынның артуына және өңірдегі шағын және орта бизнестің дамуына оң ықпал етеді деп күтілуде.


«Астана – Қорғалжын» автожолын жаңғырту облысаралық және ауданаралық күре жолдарды ауқымды орташа жөндеу жұмыстарымен қамту аясында қолға алынды. Президент тапсырмасына сәйкес жөнделетін жолдардың жалпы көрсеткіші 10 мың шақырым жолға дейін артты.

Дәл осы тапсырма аясында 2025 жылы 8 мың шақырымға жуық республикалық маңызы бар жол жөнделсе, келесі 2026 жылы 2 мыңнан астам жол жөнделмек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц