Оны алу үшін сауалнамадан өту керек екен. Ресми stopfake.kz бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
Қазақстан Республикасының ресми сайттарында жаңа жәрдемақы туралы хабарланған жоқ. Мұндай ақпарат үкіметтің сайтында да, президенттің порталында да жоқ. Елдің бірде-бір департаменті немесе комитеті жаңа бағдарлама туралы мәлімдеме жасаған жоқ.
Мемлекеттен төленетін төлемдер туралы ақпарат үшінші тарап порталдарында жарияланбайтынын естен шығармаған жөн. Жеке деректеріңізді Желідегі белгісіз ресурстарда қалдыруға болмайды.
Төлемдер туралы мұндай фейк ақпарат интернетте жыл сайын жарияланады. Біз оларды сайтымызда бірнеше рет әшкереледік.
Былтыр қазақстандықтарға әлеуметтік қордан төлемдер төленетіні туралы ақпарат тараған. Ол да жалған болып шықты.