RSS лента

Қазақстандықтарға 144 мың теңге таратылып жатыр ма?

  • 05.09.2024, 17:33,
  • 448
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Instagram-да Қазақстан тұрғындарына өтемақы төленетіні туралы фейк жарнама тағы да таралуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі халыққа көмек көрсету бағдарламасын іске қосты, енді әрбір ҚР тұрғынына 144 мың теңгеден басталатын біржолғы төлем төленеді екен. Ресми stopfake.kz бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.



Желіде төлемдер туралы жалған хабарламалар жиі жарияланады. Олардың барлығы бір алаяқтық схема бойынша құрылады: ақша берілетіні айтылып, жалған сайтқа кіріп, тексеру үшін жеке деректерді жазу ұсынылады.

 

Егер төлемдер шынымен төленетін болса, бұл туралы ақпарат мемлекеттік органдардың ресми порталдарында орналастырылатын еді. Бұл жағдайда киберқылмыскерлер ҚР Қаржы министрлігінің атын жамылып отыр. Ведомствоның ресми сайтында өтемақы туралы ақпарат жоқ. Қаржы министрлігінің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында 144 мың теңгеден басталатын төлемдер туралы жаңалық шықпаған.

 

«Күмәнді сілтемелер арқылы өтіп, деректеріңізді белгісіз сайттарда қалдырмаңыздар. Осылайша, ақшаңыздан айырылуыңыз мүмкін» делінген хабарламада.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости