RSS лента

14-15 қарашада Еуразиялық құрылтай өтеді

  • 08.11.2024, 09:07,
  • 46
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразиялық құрылтайы саладағы көшбасшылар мен сарапшылар тәжірибе мен стратегияларды талқылайтын, сондай-ақ жаңа стратегиялық серіктестіктер орнататын бірегей платформаға айналмақ. Бұл институт біздің елімізде 2022 жылдан бастап дамып келеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ОКҚ алаңында ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Джамбулов түсіндіргендей, ерекше қажеттіліктері бар адам іске қосқан немесе оларды жұмыспен қамтамасыз ететін бизнес әлеуметтік болып саналады. Әлеуметтік кәсіпкерліктің анықтамасы, оның түсініктері, негізгі міндеттері заңнамамен реттелді. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне 803 субъект кіреді. Олардың көпшілігі Астанада – 184, Алматыда – 109. Кәсіпорынды мемлекеттік қолдау шаралары инфрақұрылымды қамтамасыз етуді, салықтық жеңілдіктерді қамтиды.   


«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне микрокредит беру құралдары да қарастырылып, мемлекеттік гранттар енгізілді. Қазір гранттар беруге қатысу үшін өтінімдер беру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. 2024 жылдың 1 қарашасындағы статистика: Ақмола, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері конкурстар өткізді, олардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 377 млн теңгеге 80-ге жуық грант ұсынылды. Қалған облыстар бойынша жұмыс ағымдағы жылдың соңына дейін шешілетін болады. Сондай-ақ қаржылық емес қолдау шаралары қарастырылған: кәсіпкерді сервистік қолдау, талдамалық сүйемелдеу, консультациялар, іскерлік байланыстар және оқыту», – деді спикер.  


Ведомство өкілі әлеуметтік инноваторлар қауымдастығымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар әзірленуде, онда өзекті мәселелердің шешімдері көрсетіледі.


«Сенат Төрағасының, әлеуметтік инноваторлар қауымдастығы президентінің және басқа да халықаралық ұйымдардың қатысуымен өтетін әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразиялық құрылтайы әлеуметтік-кәсіпкерлік қызметіне көңіл бөліп, дамуына серпін беретініне сенімдімін. Бұл іс-шара әріптестер бастамасының арқасында жыл сайынғы игі дәстүрге айналғанын атап өткім келеді», – деп түйіндеді спикер.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости