RSS лента

Мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары күшейтілді

  • 28.09.2023, 10:42,
  • 166
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген сәттен бастап мүгедектігі бар адамдарды қолдау шаралары едәуір күшейтілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен төлемдер ұлғайтылды, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы аз үйлер ашыла бастады, арнаулы құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету кеңейтілді.

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда 719 мыңға жуық мүгедектігі бар адам тұрады, бұл халықтың жалпы санының 3,6%-ын құрайды. Оның ішінде 422 мыңнан астамы – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар, 189,8 мыңы – зейнеткерлік жастағы адамдар, ал 106,9 мыңы – 18 жасқа дейінгі балалар.

 

Мемлекет ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және олардың қоғамға әлеуметтік ықпалдасуы үшін жүйелі шаралар қабылдауда.

 

2023 жылғы 1 шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік кодексі қолданысқа енгізілді, ол әртүрлі бағыттар бойынша мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шараларын күшейтуді көздейді.

 

Біріншісі, мүгедектігі бар адамдарға; I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын адамдарға; мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) төленетін жәрдемақылардың мөлшері қосымша 14,5%-ға ұлғайтылды. Жыл басында жәрдемақы мөлшерінің 8,5%-ға ұлғаюын ескере отырып, жылдық мәнде төлемдер мөлшері 23%-ға өсті.

 

Сондай-ақ, еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5% - ға артты.

 

Екіншісі, арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттары (бұдан әрі – АӘҚ) қайта қаралады және 2025 жылдан бастап қызметтер үшін жекелеген нормативтер және өтемдік техникалық құралдар үшін шекті бағалар түріндегі жан басына шаққандағы норматив енгізіледі.

 

Бұл өзгерістер, бір жағынан, кейбір қызмет түрлерін немесе тауарларды одан әрі монетизациялауға алып келеді, екінші жағынан, жеке секторды кеңінен тарту, әсіресе ауылдық елді мекендерде АӘҚ қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа тәсілдерді іске асыру сыйымдылығы шағын үйлерде балаларға арналған АӘҚ көрсету бойынша пилоттық жоба түрінде басталды. Жобаны іске асыру еліміздің 7 өңірінде (Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары) басталды.

 

Бүгінгі таңда сыйымдылығы шағын үйлер Қарағанды, Көкшетау, Шымкент және Астана қалаларында сәтті жұмыс істеп жатыр. Оларда 80-ге жуық мүгедектігі балалар қызмет алуда.

 

Үшіншісі, биыл 1 шілдеден бастап дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша қатар жүретін аурулар болған кезде ақыл-ой кемістігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру басталды.

 

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша санаторий-курорттық емдеу ақыл-ой кемістігі бар 90 балаға ұсынылды, олардың 5-і өз құқығын жүзеге асыра алды.

 

Төртіншіден – осы жылдың 1 шілдесінен бастап берілетін жөргектердің нормасы жылына 1460 данаға дейін ұлғайтылды (күніне 4 дана есебінен) және Spina bifida диагнозы қойылған мүгедектігі бар адамдарды бір рет қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз ету көзделген.

 

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мүгедектігі бар адамдардың 67%-ы жаялықтардың қажетті санымен қамтамасыз етілді, 23 адам майланған катетерлерді сатып алуға өтінім берді.

 

ҚР Әлеуметтік кодексінде мүгедектігі бар адамға қызмет көрсетуге отбасы мүшелерін тарту көзделеді. Мүгедектігі бар адамдардың туыстары тиісті еңбекақы және әлеуметтік аударымдармен жеке көмекші ретінде ресімделуі мүмкін.

 

Сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар жанындағы Әлеуметтік қызметтер порталы жөніндегі комиссияларға өнім берушіні Әлеуметтік қызметтер порталынан шығару және оларға сапасыз қызмет немесе тауар ұсынылған жағдайда жосықсыз өнім берушілер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдау құқығы берілген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости