RSS лента

Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі орталық ашылады

  • 02.07.2024, 14:06,
  • 248
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және олардың ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Интеллектуалдық IT-шешімдерді енгізу, логистикалық үдерістерді толық автоматтандыруға және жеткізілімдердің кедендік сүйемелдеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кездесу барысында тараптар электронды сауда және онымен байланысты салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықтың  келешегін талқылады.

 

Ведомство басшысы Арман Шаққалиев YTO Express Co. басқарма төрағасы және негізін қалаушы Ю Вэйцзямен кездесу барысында Қазақстандағы электрондық сауда нарығы жыл сайын 20%-ға өсіп, қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

 

«Қытайдың электронды сауда нарығы өзінің ауқымымен таң қалдырады, онда сатылымдардың 70%-дан астамы онлайн жүзеге асырылады. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуымен халықаралық электронды сауданың негізгі транзиттік аймағына айналуға ұмтылады. Қазпоштамен бірлескен Қазақстанда тарату орталығын құру жобасы трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді», – деді Қазақстанның  сауда министрі.

 

Ю Вэйцзя бұл жобаның бүкіл өңірді қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба екенін атап өтті. Компания бірқатар елде тағы 5 тарату орталығын салуды жоспарлап отыр.

 

«Өткен жылы біз Алматы әкімдігімен белсенді ынтымақтастықты бастадық. Бұл екі ел экономикасының дамуына жаңа серпін беретін ұзақ мерзімді жоба. Ынтымақтастық негізі үшін Қытайда Шанхай, Нанкин және Ухань қалаларында 3 бондтық қойма аштық. Бұл жоба бүкіл аймақты қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба. Осы тарату орталығынан басқа, біз АҚШ, Бразилия, Тайланд, Будапешт және Дубайда тағы 5 орталық салуды жоспарлап отырмыз», – деп хабарлады Ю Вэйцзя.

 

Қытай тарапы жобаны жақын арада іске асыруды көздеп отыр. Арман Шаққалиев Қазақстанның жоба аясында белсенді жұмысты жасауға  дайын екенін айтты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қоюға келісті.

 

Бұл жоба өңірде экономикалық байланыстарды нығайту және халықаралық онлайн сауданы дамыту жолындағы маңызды қадам болады. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости