RSS лента

Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын атады

  • 19.05.2023, 11:01,
  • 472
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйледі, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып. 

Мемлекет басшысының бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіндегі сөзін ынтымақтастықтың маңызды бағыттарынан бастады: 


1) Тауар айналымын арттыру керек. Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндік бар; 


2) Электронды сауда саласында өзара алыс-берісті арттыру үшін қосымша мүмкіндік бар; 


3) Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту қажет. Осы орайда, Қазақ-қытай шекарасында үшінші темір жол өткелін ашу маңызды қадам болмақ; 


4) Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты нығайту керек;


5) Энергетика саласындағы, оның ішінде, мұнай-газ секторындағы қарым-қатынасты дамытуға мол мүмкіндік бар.

 

"Біз үшін "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральді газ құбырының екінші тармағын салу өте маңызды. Қашаған кенішінде жылына 4 миллиард текше метр газ өңдейтін зауыт құрылысына да баса мән береміз. Қытайлық достарымыз аймақтағы осы маңызды жобаларға қолдау көрсетуді жалғастырады деп сенеміз".


6) Ауыл шаруашылығы саласындағы ықпалдастықты дамыту керек. 


"Осы ретте мен «Қорғас» халықаралық сауда орталығында Бірлескен азық-түлік хабын құруды ұсынамын. Агроөнеркәсіп саласында цифрлық және "жасыл" технологияларды енгізу мәселесіне баса мән берген жөн. Бұл істе қытайлық серіктестеріміздің тәжірибесі мен мүмкіндігі аса қажет".


7) Трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдаланған жөн;


8) Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту қажет; 


9) Аймақтың қауіпсіздігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттің бірі. 



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости