RSS лента

Тоқаев: Қазақстан электронды коммерцияны дамытуға айрықша мән береді

  • 17.10.2023, 13:50,
  • 370
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Тоқаев YTO Express Co., Ltd компаниясының басқарма төрағасы Йу Хуэй Дзяоны қабылдады, деп хабарлайды Turantimes.kz Аөорданың баспасөз өызметіне сілтеме жасай отырып. 

Кездесу барысында электронды коммерция, көлік және логистика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары талқыланды.


Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Alibaba, Wildberries, OZON және JDcom секілді ірі маркетплейстер жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Қазақстан 2030 жылға қарай электронды сауда үлесін жалпы сауда-саттық нарығының 20 %-ына дейін жеткізуді жоспарлап отыр.


Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Сіздің компанияңызбен өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін зор мүмкіндігіміз бар. Бүгінде электронды коммерция – экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 7 триллион доллар қаржысы осы саладан құралады. Қазақстан электронды коммерцияны дамытуға айрықша мән береді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Йу Хуэй Дзяо Мемлекет басшысына компанияның Қазақстандағы негізгі жобасы туралы баяндады. Атап айтқанда, кәсіпорын еліміздің бірқатар өңірінде «А» санатына жататын жоғарытехнологиялық мультимодальды орталықтар салуды жоспарлап отыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости