Астанада ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Монополияға қарсы реттеу және сауда министрі Алексей Богдановпен екіжақты кездесуі барысында тараптар өсіп келе жатқан тауар айналымының оң динамикасын бағалады, 2022 жылы көрсеткіш 1,1 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлім етті. 2023 жылдың 6 айында екі ел арасындағы сауда айналымының оң динамикасы байқалды, ол 1,5% құрады (456 млн АҚШ доллары).
Әңгіме барысында тараптар екіжақты қатынастар мен өзара іс-қимылдың негізгі мәселелерін көпжақты форматта талқылады.
«Мемлекет басшылары екі елдің Үкіметтерінің алдына сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аудара отырып, Қазақстан-Беларусь қатынастарын жан-жақты дамыту аясында нақты міндеттер қойды. Біз тауар айналымды ұлғайтуға ұмтылуымыз керек және бұл үшін үлкен әлеуетіміз бар», – деді Арман Шаққалиев.
Өз кезегінде Алексей Богданов Қазақстанмен серіктестік орнатуға қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, ол Арман Шаққалиевті министр лауазымына тағайындалуымен құттықтап, саланың дамуы мен жетілдірілуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауданың дамуына әсер ететін шектеулерді алып тастау мәселелері бойынша жемісті екіжақты ынтымақтастық пен белсенді өзара іс-қимылға үміт білдірді.