"Инвестиция Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен "Бәйтерек" есебінен алынбайды. Бірінші станция Көкшетау қаласында, одан кейін Семей қаласы және үшінші болып Өскемен қаласындағы станциялар салынады. Екібастұзға келетін болсақ, ГРЭС-2 кеңейтуді "Самрұқ-Энерго" АҚ жүргізеді", - деді Скляр.
Сонымен қатар, премьер-министрдің бірінші орынбасары аталған жобаларға 1,5 трлн теңге кетпейтінін атап өтті.