RSS лента

Тариф кімдер үшін өзгермейтіні айтылды

  • 11.10.2023, 18:20,
  • 626
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Қазақстанда жылу көздері мен инженерлік желілерді кешенді жаңғыртуды жүзеге асыру үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл ретте әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар коммуналдық қызметтер бағасының өсуінен қорғалған. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова айтып берді. Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген вице-премьер Үкіметтің резервінен Екібастұз, Риддер, Степногорск, Көкшетау, Ақтау, Семей және Павлодар қалаларының жылу жүйелерін жөндеу үшін 55 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Бұл ретте коммуналдық инфрақұрылымды кешенді жаңғырту үшін «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру басталды.

 

    «Биыл инженерлік желілерді жөндеуге және осы сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға шамамен 250 млрд теңге тарту жоспарланып отыр», — деді Тамара Дүйсенова.

 

Премьер-Министрдің орынбасары биыл коммуналдық қызмет көрсетушілер тарифтерді көтергенін еске салды. Сондай-ақ азаматтардың кейбір санаттары үшін соманың бір бөлігін жергілікті атқарушы органдар жабады.

 

«Халықтың осал топтары тұрғын үй көмегі тетігі есебінен тарифтердің өзгеруінен қорғалған», — деді Тамара Дүйсенова.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости