RSS лента

Биыл бюджетте шағын және орта бизнестің 60 жобасын қолдауға қаражат көзделген

  • 30.01.2024, 11:23,
  • 212
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Шағын және орта бизнесті қолдау шараларын Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндады, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Бүгінгі таңда мемлекет бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту және әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі жүйелі шараларды, сондай-ақ кәсіпкерлік секторды мемлекеттік ынталандырудың тікелей шараларын іске асыруда.


Бизнесті мемлекеттік қолдаудың сұранысқа ие шараларының бірі «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының құралдары болып отыр.


Атап айтқанда, өткен жылдың қорытындысы бойынша кредит сомасы шамамен 1 трлн теңгені құрайтын 12 мыңнан астам бизнес жобасы кредиттерді субсидиялау арқылы жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен қамтылды.


340 млрд теңге сомасына 8 мың жоба бойынша кепілдік берілді.


Қаржылық емес қолдау аясында 10 мыңға жуық кәсіпкер оқытылды, кәсіпкерліктің түрлі мәселелері бойынша 166 мыңнан астам кеңес берілді.


Биыл бюджетте шағын және орта бизнестің 40 мың жалғасып жатқан және 20 мың жаңа жобасын қолдауға қаражат көзделген.


Бүгінде «Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктіруді көздейтін Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі бағдарлама әзірленген.


Бағдарламада бәсекеге қабілетті, импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға баса назар аударылды.


Жаңа жобаларды субсидиялау үшін бюджетті бөлу негізінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар үшін жүзеге асырылады.


Сонымен қатар Бағдарлама субсидиялаудан кепілдік беру құралдарына және қолдаудың өзге шараларына біртіндеп көшуді көздейді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости