RSS лента

Смайылов «Қазақстандық қамту 2.0» халықаралық форумына қатысты

  • 16.11.2023, 15:02,
  • 291
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

іс-шара барысында жер қойнауын пайдаланушылар мен отандық тауар өндірушілер жалпы құны 37 млрд 929 млн теңгені құрайтын шарттар мен оффтейк-келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды Turantimes.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көрмеде өңдеу өнеркәсібінің түрлі салаларында жұмыс істейтін барлығы 100-ден астам компания таныстырылды.


Премьер-Министр пленарлық сессияда Қазақстан экономикасы соңғы жылдарда сыртқы жағдайларға бейімделгенін және тұрақты өсу жолына түскенін баса айтты.


«Үкімет пен Ұлттық банктің іс-шаралары арқасында инфляция 10,8%-ға дейін, яғни 2 есеге баяулады. Алдымызда әрі қарай инфляцияны төмендету міндеті тұр. Тиісті шаралар кешені шеңберінде отандық өндіріс көлемін ұлғайту – негізгі бағыттарының бірі», — деді Әлихан Смайылов.


Кәсіпкерлікті дамыту және оны қолдау – Үкімет жұмысының негізгі бөлігі. Сондықтан бизнестің мәселелері Үкіметте «Атамекен» палатасымен бірлесе тұрақты түрде қаралып келеді.


«Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36,4%-ға дейін ұлғайды. Осы секторда жұмыспен қамтылғандар саны биыл 14%-ға өсіп 4,3 млн адамды құрады», — деп атап өтті Премьер-Министр.


Сонымен қатар республикада бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі іс-шаралар қабылдануда.


Мәселен, бизнеске қойылатын артық талаптарды қысқарту үшін жаңа реттеуші саясат іске асырылуда.


Қазірдің өзінде 9 мың артық талап қысқартылды. Жыл соңына дейін тағы 1 мыңы қысқарады.


Премьер-Министр Үкімет республиканың барлық өңірінің орта бизнес өкілдерімен бірқатар кездесу өткізгенін айтты. Оларға жергілікті өндірісті ұйымдастыруға перспективалары жоғары өнеркәсіптік бағыттар ұсынылды.


«Ол үшін инвестициялық заңнамада мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Бизнес өкілдерін өндірістерді локализациялау үшін белсенді жұмыс жасауға шақырамыз», — деді Премьер-Министр.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости