RSS лента

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобалары Парламентте қаралуда

  • 29.01.2024, 17:06,
  • 323
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Парламент Мәжілісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әзірлеген жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заң жобаларын қарау басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.  

Түзетулердің басым бөлігі елдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.


Сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпарат жария, ал сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі ұятты іс-әрекет болған кезде, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын тудырады.


Пара ұсынуды/уәде етуді қылмыс деп тану қоғамда пара туралы әңгіменің өзі қолайсыз болатындай тиісті мәдениетті қалыптастырады, бұл мемлекетке зиян келтірілгенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді.


Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін шенеуніктердің әкімшілік жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер көзделген.


Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бөлігінде банктердің, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлеріне қорқытып алу арқылы заңсыз сыйақы алу фактілерін ашудың тиімділігін арттыру бойынша түзетулер көзделген. Қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз беру деген жаңа баппен толықтырылуда. Парақорлыққа ұқсас, бұл тек алушыларды ғана емес, оларды берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді.


25 қаңтарда заң жобаларының Парламент Мәжілісінде, ал 26 қаңтарда – Агенттіктің Қоғамдық кеңесімен бірлесіп төменгі палатаның Қоғамдық палатасының отырысында таныстырылымы өтті.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости