RSS лента

Жезқазғанда 2029 жылдың соңына дейін жаңа ЖЭО салынады

  • 16.01.2024, 11:29,
  • 261
  • 0
  • Автор:
Автор фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Министрдің айтуынша, Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Станция жабдықтарының орташа тозу деңгейі 56 %-ды құрайды. Электр энергиясын тұтынудың жыл сайынғы өсуін ескере отырып, жаңа энергия қуаттарын енгізу және қолданыстағы электр станцияларын жаңғыртуды жүзеге асыру талап етіледі. Бекітілген қуат теңгеріміне сәйкес 2030 жылға қарай электр қуатының қажеттілігі 28,2 ГВт құрайды, бұл ретте жаңа қуаттарды ескере отырып, қолда бар қуат 22 ГВт.


Сәтқалиев, аталған тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті ұлғайту үшін Министрлік электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлегенін атап өтті. 


Сондай-ақ, жоспарда қуаты 6,7 ГВт жаңа генерация салу көзделгенін мәлімдеді. 


"Маневрлік генерацияны іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт газ станцияларын салу жоспарланып отыр. Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаты 500 МВт жаңа жылу электр орталығын салу көзделген. Сондай-ақ, қуаты 5 ГВт ауқымды жобалар стратегиялық инвесторлармен пысықталып жатыр", - деді министр. 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости