RSS лента

Қазақстандық компаниялар Иранға шикізаттық емес тауарлардың экспорттауға мүдделі

  • 04.12.2023, 16:15,
  • 344
  • 0
  • Автор:
Автор фото: t.me/KZgovernment

Қазақстан мен Иран арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысы өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Иран ауыл шаруашылығы министрі Мохаммад Али Никбахттың тең төрағалығымен өткен шараға екі ел министрліктері мен мемлекеттік кәсіпорындарының өкілдері қатысты.


Жұманғарин екі мемлекеттің басшылары Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын 3 миллиардтық межеге жеткізу міндетін қойғанын еске салды.


«Осы тапсырманы орындаудың алғашқы қадамы Өзара тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қою болады. Құжат экспорттаушы кәсіпорындарды бірнеше бағытта қолдауды көздейді: өзара сауда көлемін ұлғайту, сауда-саттықтағы шектеулерді алып тастау, екіжақты клиринг механизмін енгізу және т.б.», — деді вице-премьер. Ол сондай-ақ қазақстандық компаниялар Иран нарығына шикізаттық емес тауарлардың үздіксіз экспортын жолға қоюға мүдделі екенін айтты.


Оған қоса Үкіметаралық комиссия аясында көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселесі талқыланды. Атап айтқанда, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәліздерін дамыту қаралды. Каспий торабы бұл бағыттағы негізгі буынға айналуы мүмкін.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости