Ұлттық валюта – тәуелсіздіктің символы және мемлекеттің ақша жүйесінің негізі.
Валютамыздың дизайнын жасауға Тимур Сүлейменов, Ағымсалы Дүзелханов, Меңдібай Алин және Хайрулла Ғабжалилов сынды суретшілер тобы жұмылдырылған. Олар қазақ ғалымдары мен мәдениет қайраткерлері: Сүйінбай, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, хан Әбілқайыр мен хан Абылай бейнеленген теңгенің алғашқы дизайнын жасап шығарған.
Сонымен қатар, 15 қараша ҚР Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.