RSS лента

Кедейшілікке қарсы ұлттық іс-қимыл комиссиясы құрыла ма?  

  • 01.11.2023, 17:11,
  • 277
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com/frantisek_krejci

Депутат Ерлан Саиров мәжілістің жалпы отырысында кедейшілік мәселесін қарастыруды талап етті, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Мәжіліс депутатының Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауалы:

"Бюджетте кедейшілікпен күресу мәселесі әлсіз қарастырылған. Қазір елде 1 016 000 адам ресми түрде кедей болып тіркелген. Жоқшылықтың өтіп кеткені соншалықты, адамдар нан, макарон, ет алу үшін кредит алуға мәжбүр. Бүгін бюджетте жайдайы нашар азаматтар үшін 12,4 млрд теңге грантқа берілген. 1 млн адамға 9 мың грант, бұл кімнің жамауың жабады?" 

"Кедейшіліктен зардап шегіп отырғандарға бюджетте арзандатылған микрокредиттер желісін ұйымдастырып, бизнес дағдыларын қалыптастырып, бұл азаматтарды экономикалық айналымға қосу маңызды. Осы мәселе бюджетте қарастырылмаған. Халықтың өмір сапасын арттыруымыз керек. Сондықтан Үкімет жанынан кедейшілікке қарсы ұлттық іс-қимыл комиссиясын құрып, бюджетті халықтың жаппай кедейшілік проблемасын шешуге бұру қажет".  



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости