RSS лента

Қазақстандық тауарлардың тізілімі құрылды

  • 14.09.2023, 04:09,
  • 170
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

«Қазақстанда жасалған» тауарлар Тізілімін қалыптастыру бойынша пилоттық жоба басталды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

«Е-КТРМ» техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі шеңберінде «Қазақстанда жасалған» тауарлар Тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша функционал құрылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім еткендей, функционал қазақстандық тауар өндірушілерге өздері өндіретін тауарлардың атауларын көрсетілген Тізілімге ерікті бастамашылық негізінде енгізуге мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі таңда бірнеше танымал өндірушілер Тізілімге енгізілген.

 

Көрсетілген белгіге және оны пайдалану тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейтін ұлттық стандарттар әзірленіп қабылданды. Өңірлерде Тізілімнің таныстыру жұмыстары өткізіліп, оны енгізу мақсаттары түсіндірілді.

 

«Бүгінде «Қазақстанда жасалған» белгісін қазақстандық тұтынушылар отандық өндірістің символы ретінде мойындап отыр. Алайда оны жосықсыз пайдалану фактілері бар. Осыған байланысты дүкендерді қолдау шараларын кейіннен енгізу мақсатында Министрлік пилоттық жобаға бастамашылық жасап, оның барысында барлық мәселелер пысықталатын болады», - деп ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости